Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Елордалық медициналық ұйымдар қалай жұмыс істейді

Жарыс күндері қалалық емханалар мен ауруханалар штаттық режимде жұмыс істейді және қажетті медициналық көмек көрсетуге дайын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Резервтік бейінді палаталарды бөліп, шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық дайындық қамтамасыз етілді. 103 қызметі диспетчерлер мен жедел жәрдем бригадаларының үздіксіз жұмысын жалғастыруда. Өтініштер мен қоңырауларды қабылдау 24/7 жүзеге асырылады, - делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Елордалық стационарлар әдеттегідей белсенділігін төмендетпей, тәулік бойы жұмыс істейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы