Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталғалы 140 тоннадан астам қалдықтар шығарылды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталғалы елордада 140 тоннадан астам қалдықтар шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Астана Тазалық" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында этникалық спорт түрлері бойынша халықаралық спорттық жарыстар және мәдени іс-шаралар 6 негізгі нысанда: "Астана-Арена" стадионы, "Қазанат" ипподромында, Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында, "Алау" мұз сарайында, "Qazaqstan" жеңіл атлетикалық спорт кешенінде және "Думан" қонақ үй кешенінде өтіп жатқаны белгілі.

"Астана Тазалық" ЖШС қызметкерлері "Қазанат" ипподромына іргелес 10 га аумақта орналасқан "Көшпенділер әлемі" этноауылының басты алаңында санитарлық тазалау және механикаландырылған қолмен тазалау, оның ішінде жақын маңдағы көшелерді тазалау бойынша жұмыстарды белсенді түрде жалғастыруда. Сондай-ақ жоғарыда аталған стадиондардың, сарайлар мен кешендердің тұрақ орындары мен іргелес аумақтарында қоқыс пен қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта осы объектілерде 2 ауысымда 63 арнайы техника: тиегіштер мен самосвалдар сынды техникалар тартылған.

Дайындық кезеңінің басынан бастап бүгінгі күнге дейін Астана-Тазалық техникасының күштік құрамы және құралдары Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтіп жатқан аумақтардан 149 тонна қоқыстар және "Арғымақ" объектісінен 48 000 метр куб көң шығарды. Сонымен қатар тазалауға шамамен 139 жол жұмысшылары жұмылдырылған. Суару және жуу үшін 5 300 метр куб су пайдаланылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: "Астана Тазалық" ЖШС баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы