Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Астанада арнайы автобустар қатынайды

«№1 Автобус паркі» АҚ басқарма төрағасы Мадияр Тұқпатов қазір бұл сұрақ пысықталып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз 100 автобусты Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын спортшыларға береміз. Оларға берілетін shuttle bus-тар қонақ үй мен жарыс алаңы арасында қатынайды. Сондай-ақ көрермендерге де 100-200 шақты автобус дайындап жатырмыз, - деді басқарма басшысы.

Оның сөзінше, бұл жұмыс қазір әкімдікпен бірге пысықталып жатыр.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ұйымдастыру штабында бұл сұрақ алдағы күндері шешімін табады және автобус паркі ол жөнінде толыққанды ақпарат таратады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы