Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы қазақша үйренбек
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом қазақ тілін үйренбек деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ол Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығымен өткен кездесуде айтты деп жазды adyrna.kz.
Бұған дейін Қазақстанда екі рет болдым. 2017 жылы бір рет Алматыға бардым. 2018 жылы дәрігер Төрегелді Шармановпен алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі конференцияда кездестім. Осы уақыт аралығында мен қазақтың құдасы емес едім. Біз 2022 жылы құдаластық. Өте қуаныштымын. Осында менің Дәулет Тұрлыханов есімді құдам бар. Бұл Қазақстанның менің де үйім екенін білдіреді. Жақын арада немерем менімен қазақша сөйлесетін болады. Сондықтан немерем үшін қазақ тілін үйренемін, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы