Дүниежүзілік банк қаржыландырудың жаңа құралдарын ұсынады

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Дүниежүзілік банк тобының басқарушы әрі қаржы директоры Аншула Кантпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тараптар Қазақстанның экономикалық даму және инвестициялар тарту жөніндегі стратегиялық жоспарын талқылады, өзара ынтымақтастық туралы пікір алмасты, бұған қоса көлік, энергетика, цифрлық даму саласындағы бірлескен жобалар мен әлеуметтік жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Нұрлан Байбазаров Дүниежүзілік банкпен өзара тиімді ынтымақтастықтың оң динамикасын атап өтіп, Қазақстанда неғұрлым инклюзивті әрі орнықты дамуға қол жеткізу үшін жүргізіліп жатқан реформаларды қолдауға бағытталған банктің елімізбен серіктесігі одан әрі жалғасатынына сенім білдірді.

Өз тарапынан Аншула Кант Қазақстанға, сондай-ақ экологиялық күн тәртібіне сәйкес келетін және бүкіл өңірдің тұрақты дамуына бағытталған мемлекетаралық жобаларға қолданылуы мүмкін жаңа қаржы құралдары мен кепілдіктерді ұсынды.

Ол сондай-ақ Дүниежүзілік банктің Қазақстанға қатысуы негізгі стратегиялық басымдықтарды айқындайтын 2026-2030 жылдарға арналған серіктестік стратегиясы аясында кеңейетінін атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: @KZgovernment
Өзгелердің жаңалығы