10 Қаңтар 2023, 20:46

Дүңгіршектен 2 қорап «мандарин» ұрлаған күдікті ұсталды

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына қала тұрғыны қоңырау шалып, мөлтек аудандардың бірінде орналасқан азық-түлік сататын дүңгіршегінен белгісіз адамның 2 қорап «мандарин» жемісін және кассасынан 20 мың теңге көлеміндегі ақшасын ұрлап кеткендігі туралы хабарлаған. 

Полиция қызметкерлерімен іздеу-іздестіру шаралары барысында 33 жастағы Көлтоған ауылының тұрғыны анықталып, ұсталды. 

Күдіктінің айтуынша ол жеміс-жидекті тұтыну үшін ұрлаған және бет-бейнесін тұмшалап алғандықтан, полицияға ұсталамын деп ойламаған. 

Ол өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) тергеу амалдары жүргізілуде.