Дулат Мақатов: Президент шешімі халықты рухтандырып жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл пікірді «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысындағы өкілдігі төрағасы Дулат Мақатов айтты.

Президентіміздің биылғы жолдауы ерекше болды. Бұрын жабылып қалған облыстарды қайта құру туралы шешімі халықтың көңілін көтеріп, рухтандырып жіберді. Семейді - Абай, Талдықорғанды - Жетісу, Жезқазғанды - Ұлытау, Алматы облысының орталығына Д. Қонаевтың атын беруді ұсынды. Мен бұл үлкен қадам және жақсы жаңалық болды деп ойлаймын. Мемлекет басшысы тұрғындардың көкейінде жүрген алуан түрлі сауалға жауап берді. Бұл да батыл қадам. Соның ішінде тілге қатысты заң қабылданса екен деген тілек бар, - деді Дулат Мақатов.

Оның айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мүддеге, халыққа деген адалдығын тағы бір мәрте көрсетті.

Қайталап айтам, Мемлекет басшысының бүгінгі жолдауы халықтың еңсесін көтеріп, Қазақстанның дамуына үлес қосуға деген құлшынысын оятты Сондықтан да өркениетті еліміз жаңа Қазақстанды дамытуға баршаңызды шақырамын ел болып,халық болып  қолдау білдірейік!!! Жұртымыз аман, елімізде тыныштық орнасын! - деді «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысындағы өкілдігі төрағасы.


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы