Дулат Исабековтің аманаты: "Хош! О дүниеде сендердің амандықтарыңды тілеймін!"
Бұл туралы белгілі қаламгер көзінің тірісінде Adal Adam ютуб арнасына берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстанның болашағы міндетті түрде жарқын болу керек. «Бөрте» деген пьесада Бөртенің сөзін аманаттап қайталап берейін. «Хош, тарихтың талай-талай талапайынан аман қалған қыпшақ даласы! Мен енді бұл маңға қайтып айналып келмеспін. Тірі болсам бұ дүниеде, өлі болсам о дүниеде сендердің амандықтарыңды тілеймін. Жошының тастап кеткен Ақ Еділден бастап Алмалыға дейінгі аралықты өздерің мәңгі мекендеңдер! Мәңгі тіршілік болсын, мәңгі бейбітшілік болсын! Осы жердің бетінде өніңдер, өсіңдер, өркендеңдер! Мен байқасам, сендердің болашақтарың өте зор!» дейді. Мен де осы сөзді аманаттауыма болады, - дейді жазушы Дулат Исабеков.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандықтар қай елдерге төлқұжатсыз бара алады?
Өзгелердің жаңалығы