12 Ақпан 2024 2024, 09:45 Фото: prosports.kz

Дулат Бекбауов Болгариядағы турнирдің чемпионы атанды

Болгария астанасы Софияда бокстан «Странджа» кубогы аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Болгария астанасы Софияда бокстан «Странджа» кубогы аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дәстүрлі турнирде қазақстандық боксшылар үш медаль жеңіп алды.

67 келіде Дулат Бекбауов финалда үндістандық Раджатты жеңіп, чемпион атанды.

51 келідегі Санжар Тәшкенбай тағы бір үндістандық Амит Пангалдан ұтылып, күмісті қанағат тұтты.

Ал 80 келідегі Тұрсынбай Құлахмет турнирдің қола жүлдесін иеленді.