13 Мамыр 2023 2023, 18:45
Фото: видеодан алынды
Дулат Бекбауов бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 67 келі салмақта Дулат Бекбауов өзбекстандық Асадхуджа Муйдинхуджиевпен қолғап түйістірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 67 келі салмақта Дулат Бекбауов өзбекстандық Асадхуджа Муйдинхуджиевпен қолғап түйістірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осыған дейін қарсыластар өзара кездесіп, онда Бекбауов жеңген еді.
Бірінші раунда өзбекстандық боксшы айқын басымдық танытты. Оның соққылары дәлірек тиді. Екінші раундта да өзбектандық алда болды. Үшінші раундта жерлесіміз өзбек боксшысын барынша соққы астына алуға тырысты. Ал оның қарсыласы, көбіне уақыт өткізумен болды. Төрешілер шешімімен Өзбекстан боксшысы жеңіске жетті.