Дулат Бекбауов Азия чемпионатының ширек финалына шықты

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов (67 келіге дейін) Чиангмай (Таиланд) қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы тайбэйлік Ванг Чиуанға қарсы жекпе-жек өткізді. Нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша Дулат Бекбауов 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 12 желтоқсанға дейін жалғасады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы