Нұр-Сұлтандағы жаппай төбелесте Дулат Ағаділдің ұлы мерт болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Эльмира Шәуленова хабарлады.

10 қарашада түнгі сағат 23.00 шамасында Нұр-Сұлтанда азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің кәмелетке толмаған ұлы Жанболат Ағаділ төбелес кезінде пышақ жарақатын алып, мерт болған. 

102 пултіне Көктал шағын ауданындағы «Болашақ» көшесінде жаппай төбелес туралы хабарлама түскен. 

Полиция қызметкерлері келген соң, бір топ жас арасындағы қақтығыстың кейін жаппай төбелеске ұласқаны белгілі болды. Салдарынан екі азамат дене жарақатын алған. Оның бірі - 17 жастағы Ж.Ағаділов жедел жәрдем келген кезде қайтыс болды.

Бұл факт бойынша, 99-баптың 2-тармағы және 293-баптың 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы