Дүкеннен су жаңа киімдерді үнсіз киіп кетпек болғандар ұсталды

Елордалық полицейлер спорт дүкенінде орын алған ұрлықты ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен үш адамды анықтады.

Бейнебақылау камераларын қарау кезінде жедел уәкілдер жастардың спорттық киім дүкеніне сатып алушылар кейпінде келгенін анықтады. Олар өздеріне ұнайтын бірнеше спорттық заттарды киім ауыстыратын бөлмеге алып барып, ұрлыққа қарсы магниттерді алып тастаған. Содан кейін олар ұрланған киімдерді күртелерінің астына жасырып, кейбіреуін бірден киіп алып, дүкеннен шығып кеткен, - делінген хабарламада.

Қолға түскен күдіктілер іс-әрекеттерін толығымен мойындады.

Қазіргі уақытта олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы