Дүкендегі шабуыл: Алматыда әйелді ұрып, алтын әшекейін тартып алған

Алматы қаласының криминалдық полициясы дене күшін қолдану арқылы жасалған қарақшылық шабуылды ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыс қаладағы азық-түлік дүкендерінің бірінде орын алған. Белгісіз ер адам әйелге шабуыл жасап, оған дене жарақаттарын келтіріп, ашық түрде алтын әшекейін тартып алған да, оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленушіге дер кезінде медициналық көмек көрсетілді, – делінген жұма күні таратылған хабарламада.

Полиция мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, ол ұсталды. Ұрланған мүлік тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы