Дүкен тонаған әйел ұсталды

Нұр-Сүлта, BAQ.KZ. Түркістан облысының полицейлері дүкенге ұрлыққа түскен күдікті әйелді ұстады. Бұл туралы облыстық ПД-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Отырар АПБ-не жергілікті тұрғын ұрлықтың құрбаны болғандығы жөнінде хабар берген. Жәбірленуші әйелдің айтуынша күндізгі сағат 16:00 шамасында белгісіз азамат дүкенінен үйге керекті заттарды ұрлап кеткенін көрсеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 20 000 теңгеге жуық. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді - делінген хабарламада.

Орын алған қылмысты ашу мақсатында Отырар АПБ-ның тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды іске асырды. Куәгерлерден сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Осылайша тәртіп сақшылары ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басын анықтап, оны тәулік ішінде ұстады. Анықталған күдікті әйел жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеу барысында полиция қызметкерлері күдіктінің тұтынушы ретінде дүкенге кіргенін анықтады. Содан соң  керекті заттарының барлығын пакетке салып алып, есік аузына қоя берген. Осылайша қолындағы бір-екі затын кассаға барып төлеп, дүкеннен шығып кеткен. Тәртіп сақшылары күдікті әйелден қолды болған заттардың барлығын айғақты зат ретінде тәркілеп, заңды тиесіне табыстады. Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлықтың алдын алу үшін, барлық қажетті сақтық шараларын сақтауды ескертеді. Сондай-ақ есіктеріңізге берік құлыптар, терезелеріңізге темір торлар жасатыңыздар - деді полиция департаменті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы