Дубовицкая биіктікке секіруден қола жүлде еншіледі

Надежда Дубовицкая - Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық Надежда Дубовицкая биіктікке секіру жарысында үшінші орын алды. 

Оның ең үздік нәтижесі - 1.86 м. 

Жеңімпаздар тұғырындағы екі орынды Өзбекстаннан келген спортшылар Сафина Садуллаева мен Светлана Радзивил иеленді. 

Тағы бір қазақстандық спортшы Кристина Овчинникова 4 орынды місе тұтты. Оның көрсеткіші-1.84 м.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы