Бүгiн 2026, 19:48
Фото: freepik.com
Дубайдың халықаралық әуежайлары жұмысты ішінара қайта бастады
Dubai Airports компаниясы жағдайды мұқият бақылауды жалғастырып жатқанын мәлімдеді.
Дубайдағы екі халықаралық әуежайды басқаратын мемлекеттік оператор – Dubai Airports олардың жұмысы ішінара қайта басталғанын растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Компанияның мәлімдемесінде бірқатар рейс Дубай халықаралық әуежайынан (DXB) және Әл-Мактум – Дубай Уорлд Централ (DWC) әуежайынан орындалатыны айтылған.
Жолаушыларға әуе компаниясы рейсті нақты растаған жағдайда ғана DXB немесе DWC әуежайларына баруға кеңес беріледі. Өйткені рейстер кестесі үнемі өзгеріп отырады, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ Dubai Airports компаниясы тиісті органдармен бірлесе отырып, жағдайды тұрақты түрде бақылап отырғанын атап өтті.
Айта кетейік, Дубайда екі халықаралық әуежай жұмыс істейді – DXB және DWC.