Нөсер жаңбыр салдарынан Дубайды су басты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біріккен Араб Әмірлігінде қатты нөсер жаңбыр жауды. Бұған елдегі қуатты циклон әсер еткен.
Дубайда болған сел мен нөсер жауын салдарынан халықаралық әуежайды су басты.
Ондаған рейстердің ұшуы мен қонуы кешіктірілуде.
I took this video on my way to work this morning, just 2days rain. I don't think dubai was built to handle this much rain. pic.twitter.com/fh5c7Y6zTU
— Adesewa ✨ (@DuchessT_) 11 января 2020 г.
Дубай әуежайынан түсірілген видеода перрондар мен ұшу-қону жолақтарын су басқаны көрініп тұр. Ондаған рейстердің ұшуы мен қонуы кешіктірілуде. Ал кейбір көшеде көліктер су астында қалып, адамдар қайықпен жүзіп жеткен.
Жауын-шашын мен су тасқынына байланысты әуежай жұмысы өзгерді. Рейстердің кешігуі келесі 24 сағат ішінде де жалғасуы мүмкін, - деп хабарлады әуежай басшылығы.
Dubai Airport after massive rain. pic.twitter.com/djlXxIwzDk
— Rashida Sial (@Rashida_Sial) 11 января 2020 г.
Жаңбырдан бөлек, 12 қаңтар күні Дубайда бұршақ жауған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы