Бүгiн 2026, 10:01
Фото: BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов
Дубайдан Қазақстанға рейстер ашыла бастады
Бұл жайлы Көлік министрлігі мәлімдеді.
Flydubai әуе компаниясы Дубайдан Қазақстанға рейстерді бастайды. Бұл жайлы Көлік министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2026 жылғы 3 наурызға қараған түні FZ1533 Дубай – Алматы (170 орын) және FZ1395 Дубай – Астана (170 орын) рейстерінің ұшуы жоспарланып отыр.
Ал Сауд Арабиясы Корольдігі мен Мысыр Араб Республикасының авиациялық билік органдарынан тиісті ұшу рұқсаттары алынған жағдайда, Air Astana әуе компаниясы 2026 жылғы 3 наурызда Батыс Қазақстаннан Медина қаласына және кері бағытта 2 репатриациялық рейс, сондай-ақ Жидда қаласына және кері бағытта 2 репатриациялық рейс орындауды жоспарлап отыр. Жолаушыларды тасымалдау тек бұрын сатып алынған билеттер бойынша жүзеге асырылады.
Авиациялық билік органдары жағдайдың дамуын мұқият бақылауды жалғастырып, репатриациялық рейстердің орындалуына жан-жақты қолдау көрсетіп жатыр.