12 Наурыз 2026, 06:06
Фото: Х/DXBMediaOffice
Дубайда зәулім ғимаратқа дрон соғылды
66 қабатты тұрғын үйдің 57-қабаты дрон соққысынан қатты зақымдалған.
Ирандық дрон Дубайдағы Address Creek Harbour тұрғын үй мұнарасына соғылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ғимараттың 57-қабаты қатты зақымданған. Жалпы ғимаратта 66 қабат бар. Жанында бес жұлдызды Address Hotels қонақүйі орналасқан. Тұрғын үйлер Дубайдың элиталық Dubai Creek Harbour ауданында орналасқан.
Әлеуметтік желілерде тараған мәліметтерге сәйкес, осы аудан маңындағы ғимаратқа дрон соққы бергені туралы кадрлар жарияланған.
Дубайдың медиа кеңсесі ғимаратқа дрон тигенін растады. Қазір ғимараттағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін эвакуация жұмыстары жүргізілуде.
Зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге жоқ. Оқиға орнында төтенше қызметтер жұмыс істеп жатыр.