Дубайда Қазақстан туын бейнелеуге ақша бөлінген жоқ – СІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан туы бейнеленген күні Бахрейннің де туы бейнеленген. 

Әлемдегі ең биік ғимаратта мемлекеттік туымыз бейнеленген болатын. Еліміздегі кей бұқаралық ақпарат құралы мен әлеуметтік желіде бұл шараға "арнайы қаржы бөлінді" деген ақпарат тарады. 

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров аталған ақпаратты жоққа шығарды.

Өздеріңізге мәлім, кеше әлемдегі ең биік ғимарат Бурдж Халифаның бетінде бейнеленген Қазақстанның туы "арнайы қаржыландыру арқылы пайда болды" деген ақпарат шықты. Шын мәнінде, бұл бастама Дубай әмірлігінен шыққан. Тегін шара. Ешқандай қаржыландыру көзделмеген, жаратылмаған. Мұндай тәжірибе осыған дейін де болған. Қазақстанға дейін Өзбекстан, Түрікменстан, Ресей, Беларусь және басқа да елдердің тулары болды. Айта кететін жайт, тура сол күні Бурдж Халифаның бетінде Бахрейннің де туы бейнеленді, - деді Айбек Смадияров.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы