Дубайда Пәкістанның бұрынғы президенті қайтыс болды

Дубайда Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.  

Reuters агенттігінің мәліметінше, экс-президент ұзаққа созылған сырқаттан көз жұмған. 

Пәкістанның әскерилері 79 жастағы Мушаррафтың өлімін растады. Ол 2008 жылы биліктен шеттетілген болатын. Бұрынғы әскери қолбасшы елден аластатылған соң Дубайды паналады. 

2013 жылы ол мемлекетке опасыздық жасағаны үшін өлім жазасына кесілді. Экс-президент Дубайға қашып, бас сауғалады. 

Первез Мушарраф 2003 және 2005 жылдар аралығында үш рет өзіне жасалған қастандықтан аман қалды. Пәкістандық арнайы қызметтің ақпараты бойынша, 14 қастандықтың алдын алуға мүмкіндік туған. 

Первез Мушарраф 2001-2008 жылдар аралығында Пәкістанның президенті болды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: aa.com.tr
Өзгелердің жаңалығы