11 Маусым 2025 2025, 08:10 Фото: khaleejtimes.com

Дубайда әлемдегі ең биік метро станциясы салынады

Дубайда жаңа метро желілерін салу жұмыстары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дубайда жаңа метро желілерін салу жұмыстары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Khaleej Times хабарлағандай, жаңа метро желілері қаланың солтүстік-шығыс бөлігін өзгертіп, көлік кептелісін жеңілдетеді және Дубай халықаралық әуежайымен тікелей байланысты қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ осы жоба аясында Дубай айлағында жаңа станция – Emaar Properties салынады. Ол әлемдегі ең биік метро станциясына айналады. Оның биіктігі 74 метр болады.

Сонымен әлемдегі ең биік метро станция 2029 жылы ашылады деп күтілуде.