Дубай миллионерлер үшін ең тартымды қала атанды

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласы миллионерлер үшін ең тартымды қала деп танылды. Бұл туралы жылжымайтын мүлік брокері Savills Plc жүргізген зерттеу нәтижелерінде жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Зерттеу әлемнің 30 ірі қаласын қамтып, олардың ауқатты адамдар үшін қолайлы жағдайларын бағалады. Дубай жылжымайтын мүлік пен капитал өсіміне салынатын салықтың жоқтығы, дамыған инфрақұрылымы, жоғары қауіпсіздік деңгейі және халықаралық мектептердің көптігі арқасында көш бастады.

Сонымен қатар, зерттеу авторлары “Алтын виза” бағдарламасын қала тартымдылығын арттырған негізгі факторлардың бірі деп атады. Бағдарлама бойынша 2 миллион дирхам (шамамен 5,5 миллион теңге) көлемінде инвестиция салғандар он жылдық тұру құқығын ала алады.

Нью-Йорк рейтингіде екінші орынды, ал Сингапур үшінші орынды иеленді. Ал Лондон биыл 10-орынға дейін төмендеді. Сарапшылар мұны елдің салық саясаты мен элиталық жылжымайтын мүлік нарығындағы бәсеңдеумен байланыстырады.

Savills есебіне сәйкес, 2024 жылы әлем бойынша долларлық миллионерлер саны 680 мың адамға артқан. Ал 2029 жылға қарай олардың саны 5 миллионнан асады деп болжануда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: freepik
Өзгелердің жаңалығы