Дубай-Алматы рейсімен келген жолаушыдан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылдың 8 қаңтарында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты жариялады.

2021 жылғы 8 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Италия, ҚХР, Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, РФ, Беларусь Республикасы, Әзербайжан және Өзбекстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді. 

1 980 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 751 адам, анықтамасыз 229 ҚР азаматы келді. 

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 820 жолаушы, анықтамамен - 746; анықтамасыз - 74;

Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 121 жолаушы, анықтамамен - 966, анықтамасыз - 155;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 23 жолаушы анықтамамен келген;

Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 16 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 7 қаңтарында анықтамасыз келген 275 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Дубай – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы