Дубай-Алматы рейсімен келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылдың 24 қаңтарында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат таратты.

2021 жылғы 24 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Латвия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, РФ және Қырғызстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді. 

2 581 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 886 адам, анықтамасыз 695 ҚР азаматтары келді. 

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 109 жолаушы, анықтамамен - 748; анықтамасыз – 361; 

Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 472 жолаушы, анықтамамен - 1 138, анықтамасыз – 334. 

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Комитет шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет берді.

2021 жылдың 23 қаңтарында анықтамасыз келген 345 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша Дубай-Алматы рейсімен келген 4 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды, - деп атап өтті ведомство баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы