"Дубай-Алматы" бағытындағы ұшақ кешеуілдеді

Air Astana әуекомпаниясының рейсі техникалық ақауға байланысты кешеуілдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

12 мамыр күні  Air Astana әуекомпаниясының "Дубай-Алматы" бағытындағы КС898 рейсі техникалық себептерге байланысты ұша алмады (салондағы апаттық сигнализация шамдарының ақауы). 

Жолаушылар қонақүйге орналастырылып, тамақпен қамтылды. Әуекомпания инженерлері Дубайда ақауды жөндеуге кірісіп кетті. 

Ұшақ бөлшектерін ауыстыру сәтті өткен жағдайда әуе көлігі Дубайдан жергілікті уақыт бойынша сағат 21:45-те ұшып шығады.

Егер ұшақ жөнделмеген жағдайда рейсті орындаудың баламалы нұсқалары ұсынылатын болады. Әуекомпания әуе көлігінің техникалық ақауға байланысты кешіктірілуіне орай кешірім сұрайды, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы