ДСҰ: Әлемде 350 млн адам әлі күнге дейін аштықтың зардабын көріп отыр
Әлемде 350 млн адам әлі күнге дейін аштықтың зардабын көріп отыр. Бұл туралы Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) бас директоры Доктор Нгози Оконджо-Ивеала мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астана халықаралық форумы аясында ДСҰ бас директорымен және Қазақстан Үкіметімен жоғары деңгейдегі арнайы сессия өтіп жатыр.
Азық-түлікке қатысты қандай проблемалар бар екенін білеміз. Сондай-ақ азық-түлік бағасы жоғары және өте құбылмалы болып отыр. Біз пандемияға дейінгі кезеңді көріп отырмыз. Мысалы, әлемде 350 млн адам әлі күнге дейін аштықтың зардабын бастарынан өткеріп келеді, - деді сарапшы.
Айтуынша, Дүниежүзілік сауда ұйымы осы санаттаға азаматтарға қолдау көрсетіп отыр.
Осындай мәселеде гуманитарлық күш-жігерлерді қалай қолдауымыз керек? Азық-түлік бағдарламаларын қалай дамытқанымыз жөн? 10 жыл бұрын ДСҰ мемлекеттері кез келген сауда шектеулерін алып тастаған болатын. Яғни аштықтан зардап шегіп жатқан елдерге ешқандай экспорттық шектеулер болмайтынын мәлімдеді, - деп айтты Доктор Нгози Оконджо-Ивеала.
Сарапшының айтуынша, экспорттық шектеулерді төмендету керек. Себебі олар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне және құбылмалы болуына алып келіп отыр.