ДСМ жедел жәрдем қызметкерлерінің қаза табуына байланысты көңіл айтты
Денсаулық сақтау министрлігі Жетісу облысы Ақсу ауданының жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фельдшер Демеубаев Мұхит Қожахметұлы және жүргізуші Есболатов Ермек Сауытқалиұлы Матай ауылындағы балаға шақыртудан базаға оралып келе жатып, трассада өліммен аяқталған жол апатына ұшырады. Бұл қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқандардың отбасылары үшін және денсаулық сақтаудың барлық саласы үшін үлкен қайғылы жағдай. Мұндай жағдайлар дәрігерлердің жанқиярлығын білдіреді, олар өз өмірлерін қатерге тігіп, басқаларды құтқарады»,-делінген көңіл айту хатында.
Айта кетейік, бүгін Жетісу облысына қарасты Ақсу ауданында жергілікті маңызы бар «Көлтабан-Матай» тас жолында жедел жәрдем машинасы мен «Урал» жүк көлігі соқтысты. Жол апатынан екі адам қаза тапты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістандықтарды алдаған алаяқ ұсталды
Өзгелердің жаңалығы