ДСМ: Тұмауға ұқсас вирустар таралып жатыр

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Елімізде тұмаудан басқа тұмауға ұқсас вирустар да таралуда. Басқа тұмауға ұқсас инфекцияларға 1202 сынама тексерілді. Оның ішінде 254 сынамада (21,1%) оң нәтиже анықталды. Атап айтқанда, риновирус – 93, РС вирус – 77, парагрипп – 31, коронавирус – 20, аденовирус – 17, бокавирус – 10, метапневмовирус – 6, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сондай-ақ ол тұмауға қарсы қандай шаралар атқарылғанына тоқталды. 

Биыл эпидемиялық маусымда тұмау және ЖРВИ бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу мақсатында 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің ағымдағы эпидемиялық маусымға тұмау және ЖРВИ бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы қаулысына қол қойылды. Оған сәйкес медициналық ұйымдардың тұмауға қарсы иммундау науқанын өткізуге, тұмаумен және ЖРВИ-мен ауыратын науқастарды қабылдауға дайындығы, сондай-ақ зертханалардың тұмауға және басқа ЖРВИ-ге зертханалық зерттеулер жүргізуге дайындығы қамтамасыз етілді, - деді Роза Қожапова. 

Еске сала кетейік, бұған дейін ел аумағында 1 қазаннан бері  800 мыңға жуық адам тұмау жұқтырғаны туралы жазған болатынбыз. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы