ДСМ коронавирустың штаммдарына зерттеу жүргізуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп Covid-19 штаммдарын анықтайтын экспресс ПТР-скринингтің жаңа әдістемесі енгізілді.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2021 жылғы 17 наурызда Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы филиалының референс-зертханасы Алматы қаласы бойынша КВИ-мен ауыратын науқастардан алынған зертханалық үлгілерді зерделеді.
Зерттеу нәтижелері бойынша «Британдық», «Оңтүстік Африка», «Бразилиялық» штамдарға ұқсас ықтимал мутация анықталды.
Мутацияны және оның осы штаммдардың біріне жататынын нақты растау толық геномдық секвенирлеу аяқталғаннан кейін бір ай ішінде айқындалатын болады.
Айта кету керек, КВИ-дің алдын алу және мутацияны емдеу шаралары қолданыстағы тәсілдерге ұқсас.
Бұл маска режимін және әлеуметтік арақашықтықты сақтау, адам көп жиналатын орындарға бармау, сондай-ақ халықты жаппай вакцинациялау.
Н.Ф.Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының мәліметтері бойынша қазір Қазақстан Республикасында қолданылатын Гам-КОВИД-Вак (Спутник V) вакцинасының «Британдық» штаммға тиімділігі дәлелденді. Демалыс және мереке күндері қарсаңында КВИ-дің таралуына жол бермеу үшін тиісті сақтық шараларын мұқият сақтауды еске саламыз, – делінген хабарламада.