ДСМ: Коронавирус жұқтырған 1 медицина қызметкерінің жағдайы – ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлері арасындағы коронавирустық инфекция жұқтырғандардың жағдайы туралы хабарлады.
6 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ сырқаттану жағдайлары 8 өңірде тіркелген:
1 Ақмола облысы - 1
2 Атырау облысы - 2
3 Қарағанды облысы - 4
4 Қызылорда облысы - 1
5 Солтүстік Қазақстан облысы - 6
6 Түркістан облысы - 1
7 Алматы қаласы - 21
8 Нұр-Сұлтан қаласы - 31.
Қазақстан Республикасы бойынша барлығы - 67 жағдай.
Осылайша, COVID-19 диагнозы бар пациенттермен жұмыс істейтін науқастанған дәрігерлер саны бойынша сырқаттанғандардың жалпы санының 10%-ын құрайды. Қазіргі уақытта бір медицина қызметкері ауыр жағдайда, 9 науқастың жағдайы - орташа. Қалған 57 симптомдарсыз және жағдайы қанағаттанарлық, хаттамаға сәйкес емдеуден өтеді, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы