ДСМ: Елде тәулігіне 120 адам коронавирус жұқтырады
Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінгі таңдағы республикада КВИ+ 1 млн 400 мыңнан астам, ал КВИ- жұқтыру бойынша 90 мыңнан астам дерек тіркелген. Еліміз бен барлық өңір «жасыл» аймақта. Қазіргі күнде тәулігіне КВИ+ 120 жағдайға дейін, КВИ- 20 жағдайға дейін тіркелуде. Науқастардың 99 пайызы емделген. Алдыңғы екі аптамен салыстырғанда ауру 1,4 есеге: 754 жағдайдан 1075 жағдайға дейін өсті. Коронавирусқа шалдыққандарға стационарлық көмек көрсету үшін 2056 төсек-орын ашылған, - деп атап өтті басқарма басшысы.
Айтуынша, инфекциялық төсек-орын саны – 1747, қамтылған төсек-орын – 104-ті құраған.
Сонымен қатар 1 643 төсек-орын бос, ал реанимациялық төсек-орын – 309, бос – 301 төсек-орынға тең. Республикада Омикрон ВА.4, ВА.5 нұсқасының – 99,5%, BQ.1 (Цербер) нұсқасының – 0,5%-ы Астана қаласында анықталды, - деді Роза Қожапова.
Белгілі болғандай, халықтың 81,1 пайызы індетке қарсы екпенің бірінші компонентін, 79,4 пайызы екінші компонентін салдырған.
Алғашқы ревакцинацияны 5,7 млн адам немесе тиісті халықтың 70,2%-ы, қайта ревакцинацияны 1,3 млн адам немесе тиісті халықтың 55,2%-ы алды.
Халыққа КВИ-ге қарсы вакцинация және ревакцинация жүргізу үшін 12 және одан жоғары жастағы тұрғындарға «QazVac» вакцинасының 14 мың дозасы, «Синофарм» вакцинасының 260 мың дозасы және «Комирнати» (Pfizer) вакцинасының 15 мың дозасы бар, - дейді ведомство өкілі.