ДСМ екі апталық локдаунға қатысты ақпаратқа жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтар арасында WhatsApp мессенджері арқылы Сovid-19 салдарынан ел аумағында екі апталық локдаун енгізілетіні туралы хабарландыру таралып жатыр, деп жазды stopfake.kz.


Хабарлама авторларының айтуынша, 16 желтоқсанда енгізілетін локдаун кезінде тіпті азық-түлік дүкендері де жабылып, тек дәріханаларға ғана қалыпты режимде жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Осы орайда тиісті ақпаратқа қатысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері түсініктеме берді. 

Бұл бұрыс ақпарат. Қазіргі таңда мұндай қатаңдату шаралары жоспарланбаған. Бірде-бір облыста бұл мәселе көтерілген жоқ, - деп хабарлады бейінді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы