ДСМ әзірлеген 218 млрд теңгенің ұлттық жобасы елге не береді?

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауыл тұрғындарының денсаулық жағдайын жақсартуға арналған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы әзірленді. Жоба үш міндетті қамтиды: Бірінші –жетіспейтін медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарын: медициналық пункттерді, фельдшерлік-акушерлік пункттерді, дәрігерлік амбулаторияларды салу арқылы барлық ауылдық елді мекендерді медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, - деп атап өтті министр.

Айтуынша, бұл ауылдағы медициналық қызметке жаңа тәсілдерді енгізуге мүмкіндік береді.

Екінші – заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған заманауи көпбейінді ауданаралық орталық ауруханалар желісін ұйымдастыру.  Бұл ауыл тұрғындарына шұғыл және мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің уақтылығын арттыруға мүмкіндік береді. Үшінші – ауылдық денсаулық сақтау объектілерін медицина кадрларымен қамтамасыз ету. Өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектісінің, оның ішінде 253 - медициналық пункттің, 160 - дәрігерлік амбулатория мен 242 - фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы бойынша дайындық жұмыстары басталды, - деді Ажар Ғиният. 

Белгілі болғандай, жобаны қаржыландыруға 217,7 млрд теңге қажет. Сол арқылы медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарын салу, 32 көпбейінді аудандық орталық аурухананы ұйымдастыру көзделіп отыр. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы