9 Тамыз 2026, 17:14 Фото: istockphoto.com

ДСМ Алматы облысындағы психиатриялық ауруханадағы тексеріске қатысты ("мәлімдеме жасады

Ведомство психоневрологиялық орталықта жүргізілген тексерудің қорытындысы бойынша анықталған жайттарға қатысты түсініктеме берді.

Денсаулық сақтау министрлігі Алматы облысының Ақтас ауылындағы Республикалық психиатриялық ауруханада пациенттерге қатыгездік көрсетілді деген айыптауларды жоққа шығарды.

Тексеруді Instagram-да жарияланған жазбадан кейін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті жүргізген. Жазба авторы 2008 жылы аурухананың №7, №10 және №12 бөлімшелерінде болған кездегі жеке естеліктеріне сүйенген.

Мамандар пациенттердің құқықтарының сақталуын, медициналық және медициналық-әлеуметтік көмектің сапасын, сондай-ақ дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағдайын тексерді.

7 тамыздағы тексеру актісіне сәйкес, пациенттерге күш қолдану арқылы шектеу шараларын қолдану, дәрі-дәрмекті жазалау құралы ретінде пайдалану және адамның ар-намысын қорлайтын басқа да әрекеттер туралы мәліметтер расталмаған.

Денсаулық сақтау министрлігі пациенттердің құқықтары, ар-намысы мен қауіпсіздігі басты назарда екенін атап өтті.

Сонымен қатар ведомство көрінеу жалған ақпарат тарату мән-жайға байланысты Қазақстан заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.