ДСМ: 1,5 млн-нан астам қазақстандықтан коронавирус анықталды

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ел аумағында SARS-CoV-2 вирусының генетикалық сипаттамасын анықтау кезінде биыл қараша айында Омикрон нұсқасының айналымы да анықталды. Оның 0,5 пайызында BQ 1.1 (Цербер) субгенетикалық желісі, 99,5 пайызында – Омикрон штамының басқа нұсқалары анықталды. Цербер нұсқасы қазіргі уақытта әлемнің 65-тен астам елінде анықталған және омикронның бұрынғы кіші түрлерінен айырмашылығы жоқ. Ауру көбінесе жедел респираторлық ауру түрінде жеңіл өтеді, - деді ведомство басшысының орынбасары. 

Сонымен қатар ол республикада желтоқсанда вирус жұқтырғандардың көбейгенін айтты.

Желтоқсанда қараша айымен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 2,3 есе өсуі байқалады. Тәулігіне 300-ге дейін КВИ+ және 20 жағдайға дейін КВИ- жағдайы тіркеліп жатыр. Мәселен, 28 желтоқсандағы жағдай бойынша коронавирустың оң нәтижесімен 1 402 049 науқас және КВИ-дің теріс нәтижесімен 90 512 жағдай тіркелді, - деді Айжан Есмағамбетова. 

Айтуынша, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 12 тамыздан бастап еліміз және барлық өңір жасыл аймақта. 

Алайда R көрсеткішінің бір бірліктен жоғары болуы 15 өңірде байқалады. Бұл инфекцияның таралуының өскенін көрсетіп отыр. Қолданыстағы шектеу шараларына сәйкес, R көрсеткіші 1-ден жоғары тіркелген кезде халық көп жиналатын жерлерде маска кию ұсынылады, - деді вице-министр. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы