Дронмен тексеру жүргізілді. ТЖМ Іле өзеніндегі жағдайды айтты

22 ақпандағы жағдай бойынша Іле өзенінде су деңгейі 477 см, өзенде мұз қатқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елді мекендерге қауіп жоқ. Іле өзеніне ең жақын елді мекені Шарын ауылы 15 км қашықтықта орналасқан.

Дронды пайдаланып визуалды тексеру жүргізгеннен кейін өзен арнасының осы учаскесінде жыл сайын қалыптасатын мұз қабаты пайда болғаны анықталды. Су тасқыны мен жайылуы байқалмайды. Елді мекендерге, құрылыстарға және шаруашылық құрылыстарға қауіп жоқ, - делінген ТЖМ таратқан хабарламада.

Жағдай бақылауда, тәулік бойы мониторинг жалғасып жатыр.

Еске салсақ, кеше Алматы облысы ТЖД Іле өзенінің гидрологиялық бекетінде-164 км, Қапшағай ГЭС-тен жоғары, посттан төмен мұздың кептелуі нәтижесінде су деңгейінің күрт өсуі байқалғаны туралы дауылды ескерту алған болатын.

Су деңгейі 2024 жылғы 21 ақпанда сағат 8.00-де 462 см құрады, қыс мезгілінде сыни деңгейде су деңгейі - 500 см.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ
Өзгелердің жаңалығы