3 Қараша 2026, 05:41 Фото: depositphotos.com

Дрон шабуылынан кейін Атырау – Самара бағытымен мұнай тасымалы уақытша тоқтатылды

2 қарашаға қараған түні Самара өндірістік-диспетчерлік торабындағы нысандарға ұшқышсыз ұшу аппараттары шабуыл жасаған. Осыған байланысты Атырау – Самара бағыты бойынша мұнай тасымалдау уақытша тоқтатылды.

Қазақстан Энергетика министрлігінің мәліметінше, мұнай тасымалдау Астана уақыты бойынша сағат 06:09-да тоқтатылған.

Ведомство мұнай қабылдауды аталған бағыт бойынша жақын арада қайта бастау жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Аталған бағыт бойынша мұнай қабылдау жақын уақытта қайта жанданады деп күтілуде, – деп нақтылады министрлік.