23 Қараша 2026, 01:32 Фото: polisia.kz

Дрифт жасаған 14 жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Полиция ортақ пайдаланудағы жолдарда қауіпті маневр жасау жол-көлік оқиғаларына әкеліп, өзге жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің өміріне тікелей қауіп төндіретінін ескертеді.

Жыл басынан бері аймақ жолдарында көлікті әдейі сырғанатып, қауіпті маневр жасаудың 14 дерегі тіркелді.

Тәртіп сақшылары құқық бұзушылардың барлығын анықтап, тиісті жауапкершілікке тартты.

Мұндай заңбұзушылықтарға көбіне жастар, той кортеждері мен мерекелік шаралар кезінде жол береді, – дейді тәртіп сақшылары.

Қазіргі таңда облыс аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрескел құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейдтік және түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. 

Полиция ортақ пайдаланудағы жолдарда қауіпті маневр жасау жол-көлік оқиғаларына әкеліп, өзге жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің өміріне тікелей қауіп төндіретінін ескертеді.