Досым тойға шақырады, мен "бара алмаймын" дедім – Қайрат Нұртас ұшақтағы жанжал себебін айтты

Әнші Қайрат Нұртас 4 маусымда ұшақта болған жанжал себебін сот отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мені досым тойға шақырады, "мен тойға бара алмаймын" деймін. "Тойға бара алмасаң, на колени келесің" дейді. Мен "келмеймін" деп боқтап жіберемін досымды. Сөйтіп бұл тұрады да мені ұшақтың ішінде ұстап алады да, "сен мені боқтап" деп басымен екі рет ұрды. Қай жақтан боқтағанымды айтпай-ақ қояйын. Сосын мен тұрам да, намысым бар, мен де ұрамын, - деді әнші.

Қайрат Нұртас кейіннен орнына отырғанын, ал жәбірленуші Асылбек Бекқайыровтың артынан келіп, тағы ұрғанын айтады. 

Айта кетейік, Қайрат Нұртастың Алматы-Астана бағытындағы ұшақта бұзақылық көрсеткеніне қатысты Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот отырысы өтіп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: instagram.com/kair_n
Өзгелердің жаңалығы