Достық үйінде қайырымдылық акциясы өтті

Бүгін елордалық Достық үйінде Астана қаласы ҚХА-ның «ПАРАСАТ» қайырымдылық қызметін үйлестіру орталығы ұйымдастыруымен «Жанашыр Жүрек» республикалық халықтық қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аз қамтылған отбасылар, жалғызбасты қарттар, көп балалы отбасылар және ерекше қажеттіліктері бар балалар санатындағы 60 отбасы азық-түлік себеттерін алды.

Іс-шараның мақсаты – халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету. Акция күндіз басталды. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясының елордалық этномәдени бірлестіктері қатысты.

Қазақстан Республикасының күрдтер «Барбанг қауымдастығы» АҚБ Астана қалалық филиалы» қоғамдық бірлестік төрағасы Шамо Фатоев жерлестеріне қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.

«Бүгін біз еркін және тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Барлық қазақстандықтар халықтар достығы – біздің еліміздің баға жетпес байлығы екенін түсінеді. Сенімсіз әр түрлі ұлт өкілдері арасында мемлекеттің өркендеуі болмайды, демек қарапайым адамдардың бақытты өмірі де болмайды деген сөз. Тек игі істер ғана қоғамға деген көзқарасын өзгертуге көмектеседі, өйткені адамдар бір-біріне мейірімді, өз әрекеттері үшін жауапты болады», - деді қоғамдық бірлестік төрағасы Шамо Заарович.

Елордалық Ассамблея жұмысының маңызды бағыттарының бірі қайырымдылықты дамыту. Астана қаласының «Парасат» қайырымдылық қызметін үйлестіру орталығы 2019 жылы Достық үйінің жанынан әлеуметтік саясатты қолдау және дамыту мақсатында құрылды.

 Орталық көптеген адамдарға көмек көрсетеді, оған: балалар, қарттар, ерекше қажеттіліктері бар адамдар, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтар кіреді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы