Достық-Мойынты теміржол учаскесінде 90-нан астам көпір салынады

Достық – Мойынты теміржол учаскесінде екінші жолдарды салу шеңберінде 92 көпір салынып, 57 жаңа көпір орнатылады және 231 су өткізу құбыры ұзартылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Ірі жобаларды іске асыру дирекциясында ең ірі көпірлер Бескөл – 8-разъезд, Предузловая – 5-разъезд, Ашыөзек – Ақжайдақ, Тоқырау – Орта-Дересин, 5-разъезд – Жақсыбұлақ аралықтарында салынатынын атап өтті.

Темірбетон конструкциялары мен жасанды құрылыстарға арналған бұйымдар қазақстандық зауыттарда дайындалады. Қазіргі уақытта 63 көпір салу және 188 су өткізгіш құбыр орнату жұмыстары істеліп жатыр, - делінген ҚТЖ таратқан хабарламада.

Достық-Мойынты учаскесінде ұзындығы 836 км екінші желінің құрылысы өткен жылдың қараша айында басталды. Екінші желіні іске қосу учаскенің өткізу қабілетін 5 есе арттырады. Бұл қазақстандық экспорттаушылардың жүктерін тасымалдауға оң әсер етеді және елдің транзиттік әлеуетінің дамуына әсер етеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚТЖ
Өзгелердің жаңалығы