"Достық – Мойынты" екінші желісінен күн сайын 60 жүк пойызы өтеді
"Достық – Мойынты" - Тәуелсіздік кезеңіндегі ең ірі жол құрылысы. Бұл жерде тәулігіне 800-ге жуық вагон жүк қабылданады. Екінші желі іске қосылғаннан бері 13 млн тоннаға жуық жүк тасымалданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Күніне 60 жүк пойызы кедергісіз өтуге қауқарлы. Сол арқылы Еуропа мен Азияның ірі нарықтарын біріктіретін шойын жолдың күре тамырына айналды.
2019 жылы 17,6 млн тонна транзиттік жүк тасымалданса, 2024-і жылдары 27,5 млн тоннаға жетті. Жоба аяқталғаннан кейін осы бағыттағы тасымал 50 млн тоннаға дейін артады деп жоспарлануда. Бұл Қазақстанның Халықаралық көлік дәліздеріндегі позициясын нығайтады және Еуразиялық кеңістікте маңызды логистикалық торпақа айналуға мүмкіндік береді, - дейді көлік министрлігі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Данияр Анарбек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әлемдегі ең жылдам пойыз Қытайда сынақтан өткізілуде
Өзгелердің жаңалығы