«Достық» каналының қазақстандық бөлігіне су беру көлемі ұлғайтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Тәжікстан Республикасының Премьер-министрлері телефон арқылы сөйлесу қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес 26 шілдеде Душанбе қаласында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиевтің Тәжікстанның Энергетика және су шаруашылығы министрі Д. Джумамен екіжақты кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар екі елдің су шаруашылығының мәселелерін талқылады.

Қазақстандық тарапы Бахри-Точик су қоймасынан су тастауды ұлғайтқаны үшін тәжік тарапына алғыс білдірді. Мәселен, Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін сумен қамтамасыз ету мақсатында «Достық» каналының қазақстандық бөлігіне су беру 80 м3/с-нан 100 м3/с-қа дейін ұлғайтылды, - деп хабарлады  Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Тараптар Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысындағы су шаруашылығы жағдайын жақсарту жөніндегі бірлескен шараларды жалғастыруға келісті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы