Достастық елдеріндегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл комиссиясына қатысты ереже бекітілді
Бұл туралы бүгін елордада өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ТМД елдерінің Сыртқы істер министрлігі басшыларының кеңесінде Достастыққа мүше елдердің бала құқықтары жөніндегі уәкіл – омбудсмендердің комиссиясы туралы ережесі бекітілді.
Құжатты ТМД Атқару комитеті РФ Президенті жанындағы бала құқықтары жөніндегі уәкілетті аппаратпен бірлесіп әзірлеген.
Айта кетерлігі, жоба комиссияның негізгі функциясын, оның құрамын қалыптастыру тәртібін анықтауға, оның жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ оның қызметін реттейтін өзге де мәселелерді шешуге бағытталған.
Комиссияны құру омбудсмендердің әріптестігі мен бірлескен жұмысының жаңа форматына айналады деп күтілуде. Сонымен қатар ол халықаралық диалог үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы кеңістігіндегі халықаралық балалар саясаты мәселелері бойынша елдердің күшін біріктіруге жол ашады.