Досаев Ұлттық қор активтерінің төмендеу себептерін түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі Үкіметтің онлайн отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Ұлттық қор активтерінің жыл басынан 1 млрд. АҚШ долларына төмендеуіне негіз болған себептерге тоқталды.
Оның айтуынша, қаңтардың соңында Ұлттық қор активтері 57,7 млрд. АҚШ долларын құрады.
Ұлттық қорға түсімдер 43 млрд. теңге, оның ішінде валюталық түсімдер 56,2 млн. АҚШ доллары немесе теңге баламасында 24 млрд. болды. Жыл басынан бастап 381 млрд. теңгеге (900 млн. доллар) нысаналы және кепілдендірілген трансферттер бөлуді қамтамасыз ету үшін 720 млн. доллар сатылды. Инвесторлардың тәуекелге бару деңгейінің төмендеуіне байланысты биылғы жылғы қаңтарда MSCI World акциялар индексінің төмендеуі -1% болды. Ұлттық қордың сол кезеңдегі инвестициялық кірісі (-)340 млн. АҚШ доллары немесе -0,59% болды, - деді ол.
Қаңтарда қор нарықтарындағы құбылмалылық экономиканың біркелкі қалпына келмеуіне, сондай-ақ кәсіби емес инвесторлардың сауда платформаларындағы белсенділігі аясында шығыны көп компаниялар акцияларының шарықтауына байланысты күшейе түсті.
Бұл ретте ақпанның басында акциялар нарығының қалпына келуі байқалды, биылғы жылғы ақпанның алғашқы
2 аптасында Ұлттық қордың инвестициялық кірісі биылғы жылғы қаңтардағы құлдырауды өтеп, 800 млн. АҚШ долларын құрады, - деді Ұлттық банк төрағасы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы