Досаев теңгенің әлсіреуі мен нығаюы туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Онлайн өткен Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев теңгенің әлсіреуі мен нығаюы туралы айтты.
Сыртқы сектордағы белгісіздік пен құбылмалықтың өсуі дамушы елдердің активтері мен валюталарына қысым көрсетті. Карантин шараларының қайта енгізілуі ықтималдығының өсуі нәтижесінде қазанның соңына қарай мұнай баррелі үшін 37,5 АҚШ долларына дейін төмендеді. Бұл мұнайға деген сұранысты төмендетеді. Бір айда әлсіреу 8,5 пайыз болды, - деді ол.
Досаев атап өткендей, 30 қараша мен 1 желтоқсандағы ОПЕК+ отырысының қарсаңында мұнай бағасы өсе бастады.
Мұнай бағасы бір күнде 7,5 пайызға ұлғайып, мұнай баррелі 42,4 долларын құрады. Әлемдік экономиканың жаңа дағдарыс кезеңіне өтуі және сыртқы нарықтағы жоғары белгісіздік АҚШ доллары индексінің өсуіне алып келді. Бұл алтын және дамушы елдердің валюталар қорына әсер етті. Биылғы 9 қарашада АҚШ доллары индексінің төмендеуі мен АҚШ-тағы сайлау жағдайының анықталуы аясында алтын 0,8 пайызға арзандады, - деді ол.
Оның айтуынша, АҚШ пен Еуропа елдеріндегі коронавирус жағдайының ушығуына қатысты дамушы елдердің валютасы әлсіреуді жалғастырады.
Басқа дамушы елдердің валюталық тенденциялары мен мұнай бағасының төмендеуіне қатысты Қазақстан теңгесі бір айда 1 АҚШ доллары үшін 431,81 теңгеден 431,66 теңгеге дейін әлсіреді. Бұл ретте кепілдік берілген трансферт шеңберінде ұлттық қоржын активтерін конвертациялау және квазимемлекеттік сектордағы компанияларының экспорттық валюта түсімінің сатылуы теңгенің әлсіреуін тежеді. 9 қарашада биржадағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің 0,03 пайызға нығайып, 431,17 тиынды құрады, - деді ол.