Досаев инфляцияны қанша пайыз көлемінде ұстап тұратынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев 2020 жылы инфляцияны 8-8,5% көлемінде ұстап тұру үшін ақша-кредит саясаты жүргізілетінін айтты.
Президент Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында ұлттық банк біраз шараларды қабылдайды. Атап айтсақ, инфляцияны 8-8,5 пайыз көлемінде ұстап тұруға бағытталған ақша-кредит саясатын жүргізу. Ол үшін Ұлттық банк қолда бар құралдарды пайдаланатын болады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының монетарлық емес инфляцияны төмендету тапсырмасын орындау мақсатында нарықтарды тауарлармен толтыру, жеткізу тетігін оңтайландыру. Одан бөлек, алыпсатарлыққа жол бермеу жолымен Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар тарапынан импортқа тәуелділікті азайту бойынша шаралар қабылдау қажет. Бұл ақша-кредит саясатын іске асырудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді,- деді Ерболат Досаев.Оның айтуынша, Ұлттық банк бұдан бұрын қабылданған дағдарысқа қарсы шаралар мен жаңа бастамалардың негізінде экономиканы қалпына келтіруге қатысады.
Ұлттық банк пен қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі үкіметпен бірлесіп осы жылдың шілдесінің соңына дейін әлеуметтік-экономикалық ахуал нашарлаған жағдайда салаларды қолдаудың қосымша шаралар топтамасын дайындайды, - деді Ұлттық банк төрағасы.Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Ұкіметке және Қлттық банкке бизнесті несиелеу үшін қолжетімділікті арттыруды тапсырған болатын.
Осы жылдың маусым айында жылдық инфляция 7% жетті. Экономикадағы проблемаларды ескере отырып, жылдық инфляцияның мақсатты дәлізі 9-11% деңгейіне келтірілді. Сонымен бірге, анағұрлым тиімді ақша-кредит саясатын жүргізу арқылы инфляцияның 8-8,5% шегінде сақталуын қамтамасыз ету қажет деп санаймын, - деген болатын Тоқаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Министр бизнеске қандай көмек көрсетілетінін айтты
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы