Досаев Қазақстанның 2021 жылғы экономикалық дамуына қатысты болжамын ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысына биылғы 9 ай ішіндегі ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындылары, Ұлттық банктегі алтынвалюта резервтерінің жай-күйі және Ұлттық қордың активтері туралы баяндалды, - делінген хабарламада.
Президентке Ұлттық банктің қаражаты есебінен қаржыландырылатын дағдарысқа қарсы бастамалардың орындалу барысы жөнінде мәлімет берілді.
Ерболат Досаев 2020 жылдың соңына дейінгі және 2021 жылға арналған Қазақстанның экономикалық дамуына қатысты болжамын ұсынды.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы елдің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Кезекші сынып. Коронавирус жұқтырған 32 жағдай тіркелді
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы